Гвардейск гарнизонында курсанттар әскери техникамен марш жасады

0

Құрлық әскерлеріне қарасты оқу-жаттығу орталығының курсанттары жаяу әскер жауынгерлік машиналарымен, бронды транспортерлармен, танктермен және жеңіл бронды көп мақсатты тартқыш техникалармен 30 шақырымдық марш жасады.
Әскери техниканы жүргізу пәні бойынша оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, механик-жүргізушілер іс жүзінде 120 километрді бағындыруы керек.
Сабақтар барысында курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты паш етті.
Курсанттар практикалық сабақтарда жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл жерде офицерлер мен сержанттардың зор үлесін де атап өткім келеді, — деді әскери бөлім командирі гвардия полковнигі Алмаз Доспаев.
Алты айлық курсты аяқтаған соң курсанттар Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдерінде қызметтерін жалғастыратын болады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.