«Қордай» несиелік серіктестігі» ЖШС өз қатысушыларына 2025 жылдың 31 наурызында сағат 10:00-де «Қордай» НС қатысушыларының жалпы жиналысы өтетіндігі туралы хабарлайды. Күн тәртібі:
- Несиелік серіктестіктің 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы басқарма төрағасының есебін қарау.
- Серіктестіктің 2024 жылғы қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша НС ревизорының қорытындысын қарау.
- 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы.
- 2024 жылғы таза табысты бөлу туралы.
- НС басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
Жиналыстың өтетін орны: Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, №290 («Тамаша» кафесінің ғимараты).