ХАБАРЛАМАЛАР МЕН РҰҚСАТТАР ТУРАЛЫ

0

Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қордай ауданында орналасқан объектілерінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын қызметті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болмауынсыз жүзеге асыру Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің бірқатар өрескел бұзушылықтары болып табылатыны туралы хабарлайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020 ж. № 360-VI Кодексінің (бұдан әрі – ҚР Кодексі), атап айтқанда, «Денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар» 19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасының талаптарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы рұқсат құжаты — Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды. ҚР Кодексінің 20-бабының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық — эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде беріледі.

ҚР кодексінің 82-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындауға міндетті. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ-220/2020 30.11.2020 ж.  бұйрығымен бекітілген. Осы бұйрыққа сай Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі бойынша:

 

Эпидемиялық мәні жоғары объектілер:

1)      балалар сүт ас үйлері; 2) барлық түрдегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері;  3) балалар мен жасөспірімдер тұратын барлық түрдегі және типтегі білім беру және тәрбиелеу объектілері;  4) ұйымдастырылған ұжымдардағы (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарындағы, интернат ұйымдарындағы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы, вахталық кенттердегі, құрылыс алаңдарындағы, өнеркәсіптік объектілердегі) қоғамдық тамақтану және сауда объектілері; 5) кремді кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері; 6) дәрілік заттарды өндіру, дайындау объектілері; 7) көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері; 8) жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдары (теміржол, су, әуе);  9) радиациялық қауіпті объектілер; 10) емдік-косметологиялық объектілер, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынның бұзылулармен қызметтерді, оның ішінде татуаж және татуировка бойынша қызметтерді көрсететін косметологиялық орталықтар; 11) стационарлық медициналық көмек көрсететін; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында стационарлық медициналық көмек көрсететін; амбулаториялық-емханалық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін;  қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын; стоматологиялық қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау объектілері; 12) медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері;13) балалар мен жасөспірімдер тұрмайтын білім беру объектілері, білім беру объектілерінің жатақханалары; 14) тәрбиелеу мен білім берудің арнайы, түзету кабинеттері (орталықтары), балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталықтары; 15) отыратын орын саны 50-ден асатын тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері; 16) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімдерін өндіру объектілері; 17) ет өңдеу объектілері, ет және еттің жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын ет өнімдерін өндіру объектілері; 18) балық өңдеу объектілері, юалық және балықтың жартылай фабрикаттарын және (немесе) дайын балық өнімдерін өндіру объектілері; 19) құс өңдеу объектілері, құс етінің жартылай фабрикаттарын және (немесе) құс етінің дайын өнімдерін өндіру объектілері; 20) май өнімдерін өндіру объектілері; 21) алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз суды (оның ішінде минералды) өндіру объектілері; 22) жемісті өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде соя өнімдерін қайта өңдеу объектілері; 23) арнайы тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және (немесе) өткізу объектілері; 24) аспаздық және йодталған тұзды өндіру объектілері; 25) ұн тарту объектілері; 26) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіру объектілері; 27) қант өндіру объектілері; 28) тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері; 29) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 6, 41-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің талаптарында көзделген өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес 1 және 2-қауіптілік сыныптарына жататын қызмет түрлері; 30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері; 30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер; 31) спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, сыйымдылығы 20 орын және одан асатын моншалар мен сауналар;  32) вахталық кенттер; 33) 2-санаттағы су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары (жағажайлар); 34) су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су жинау орындары; 35) орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері; 36) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері; 37) сауықтыру және санаторий объектілері (маусымдық, жыл бойғы), демалыс базалары мен орындары; 38) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханалар

 

Эпидемиялық мәні болмашы объектілер:

1) техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру объектілері; 2) балалар мен жасөспірімдердің демалыс, дене тәрбиесі және шығармашылық қасиеттерін дамыту объектілері (қосымша білім беру мекемелері), балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары, музыка, спорт және көркемөнер мектептері, балалар-жасөспірімдер орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралистер станциялары, оқу-өндіріс комбинаттары және мектептен тыс ұйымдар; 3) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері; 4) халыққа компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктар) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;  5) отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар; 6) көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері; 7) тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттар; 8) кремі жоқ кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілері; 9) ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон бұйымдарын өндіру объектілері; 10) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинактарды, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корнды, қуырылған жаңғақтарды өндіру объектілері; 11) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері; 12) тағамдық концентраттар мен тағамдық қышқылдарды өндіру объектілері; 13) шай, ашытқы және желатин өндіру объектілері; 14) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері, т.б.

ҚР Кодексінің 24-бабында хабарламалар бойынша өз қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрлері айқындалған, бұл ретте қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны беру тәртібі ҚР 16.05.2014 ж. № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген. Осыған сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсат алмай немесе Қордай аудандық СЭББ тиісті хабарлама жібермей жүзеге асыруына объектілердің қызметіне тыйым салынады.

29.10.2015 ж. № 375-V ҚРЗ» ҚР Кәсіпкерлік кодексінің « 27-бабының негізінде кәсіпкерлік субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін рұқсаттар алуға не хабарламалар жіберуге міндетті, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының 108-бабының талаптарына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілерінің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы «Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жарамды рұқсаты болуы немесе хабарлама жіберуі міндетті.

А.Алимжанова, Қордай аудандық СЭҚ басқармасы басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.