2024 жылғы 31 наурызда өткен Қордай аудандық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

0

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаты құрамынан шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 3664 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 2039 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№2 сайлау округі бойынша

Айдын Оскарович Байбеков үшін сайлаушылардың — 179 дауысы берілді;

Айша Люшировна Идыбо үшін сайлаушылардың — 1452 дауысы берілді;

Шариф Исхарович Исмаров үшін сайлаушылардың — 339 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 44.

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып:

№2 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып – Идыбо Айша Люшировна сайланды, 1971 жылы туған, «Бүлдіршін» бөбекжайының меңгерушісі.

 

2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаты құрамынан шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 4856 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2769 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша -0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 25 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны -3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 9 сайлау округі бойынша

Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозов үшін сайлаушылардың – 2217 дауысы берілді;

Айдана Досымханқызы Нұрқияс үшін сайлаушылардың — 239 дауысы берілді;

Альмира Жумабаевна Райымбекова үшін сайлаушылардың — 163 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 104.

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып:

№9 сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып – Жамангозов Бейқұт Тілебалдыұлы сайланды, 1969 жылы туған, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.