ХАБАРЛАНДЫРУ

0

ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ АҚСАҚАЛ-ҚАРИЯЛАРЫ!
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батаменен ел көгерер» тақырыбында облыстық байқау жариялады.
Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын ұрпақ бойына сіңіру.
Облыстық байқауды облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұйымдастырады. Байқаудың шарты бойынша оған жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады. Облыстық байқауға әр қаладан және ауданнан бір батагөй қатыса алады.
Байқаудың шарттары мен ережелері ауылдық округ, аудандық ардагерлер кеңестеріне жіберілді. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады.
Бірінші кезең – ауылдық округ деңгейінде 21 сәуірге дейін ұйымдастырылады.
Аудандық байқау 21 сәуір күні аудан орталығында өтеді. Сондықтан байқауға қатысатын батагөй туралы толық ақпарат 21 сәуірге дейін аудандық билер кеңесіне жолдануы тиіс.
Екінші кезең – ауылдық округтерден іріктелген батагөйлер арасынан жеңімпаз «Батаменен ел көгерер» облыстық байқауына жолдама алады.
Облыстық байқау 2023 жылғы 7 маусым күні Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында сағат 11:00-де өтеді.

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.