Қордай ауданы бойынша егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ жалғыз басты қарттар мен жеке оңалту бағдарламасы рәсімделген 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар ересектер және мүгедектігі бар балалаларға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға мұқтаж 245 қызмет алушыларға жалпы соммасы 112 659,0 мың теңге қаражат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланады.
Оның ішінде:
1-лот. Қордай ауылы – 75 қызмет алушыға 34 487 475 мың теңге;
2-лот. Колхоз аймағы – 85 қызмет алушыға 39 085 805 мың теңге;
3-лот. Совхоз аймағы – 45 қызмет алушыға 20 692 485 мың теңге;
4-лот. Отар аймағы– 40 қызмет алушыға 18 393 320 мың теңге.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) тіркелген үкіметтік емес ұйымдар 2024 жылдың 3-5 қаңтары аралығында Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қордай ауылы, Төле би көшесі №49 мекенжайы бойынша Коммерциялық ұсыныстарыңызбен жолығуларыңызға болады.