ХАЛЫҚ ҮНІНІҢ АЙНАСЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Бұл шара ауданымыздың сайлау жүйесінің қызметін жан-жақты талқылауға арналды. Әсіресе, референдумның қалай ұйымдастырылғаны, өткізілген процедуралардың сапасы және әр деңгейдегі комиссиялардың міндеттері мен жауапкершіліктері сарапқа салынды.

Осы орайда, алғашқы сөз кезегін алған аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев азаматтық қоғамның белсенділігі және қоғамдық пікірдің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, референдум кезінде халықтың пікірін білдіруінің аса маңызды рөл атқаратынын, бүкіл еліміздің саяси өміріне әсер ететін шешімдердің қабылдануына жол ашатынын еске салды.

Отырысқа қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Сахатов, өзінің алғы сөзінде референдумның маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, республикалық референдум – бұл халықтың пікірін ескерудің, қоғамдық-саяси қатынастарды дамытудың және халықтың мемлекет ісіне араласу деңгейін көтерудің аса маңызды құралдарының бірі. Бақыт Оңласынұлы референдум процесінің аясында еліміздің азаматтарының белсенділігінің артқанын, сондай-ақ сайлау комиссияларының тиімді жұмыс істеуінің арқасында референдумға қатысты барлық сұрақтардың шешімін табылғанын атап өтті.

Кеңейтілген отырысқа, республикалық референдумды даярлау мен өткізуге қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары, бас инспекторлар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері шақырылды. Отырыстың барысында әрбір комиссия мүшесінің қызметіне баға беріліп, референдум процесін өткізу кезіндегі жетістіктер айтылды.

Отырыс соңында республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу барысында қызметтік міндеттерін жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейде орындағаны үшін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтың «Алғыс» хатымен учаскелік референдум комиссияларының мүшелері және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері марапатталды.

Бұл марапаттар референдум барысында қызмет атқарған азаматтардың, болашақта да осындай жауапкершілікті алып жүруге ынталандыру мақсатында берілді.

Азаматтарымыздың белсенділігі, сайлауға қатысуы – өңірдің саяси мәдениетін дамытуға және халқымыздың таңдауын ескере отырып, мемлекетіміздің дамуына өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.