Індетпен күрес ортақ міндет!

0

Құрметті жерлестер!
Еліміздің барлық өңірлерімен қатар, біздің ауданымызда әлем елдерін алаңдатып отырған коронавирус пандемиясымен күресіп жатыр. Індеттің алдын алуға бағытталған шаралар жолға қойылып, әсіресе, көпшілік бас қосатын орындар бақылауға алынды.Өздеріңіз баспасөз беттерінен байқағандай ауданда арнайы мобильді топтар күндіз-түні рейд жұмыстарын жүргізуде. Өкінішке орай, рейд жұмыстары барысында тәртіпке бағынбай, карантин талаптарын орындамаған кәсіпкерлер анықталып отыр. Барша аудан кәсіпкерлерін карантин режимін орындар, санитарлық талаптарды орындауға шақырамын. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеудің ең тиімді тәсілі – үйде отыру. Бұл ауруды тоқтату үшін біз бәріміз үйде болуымыз керек. Сонда ғана індеттің таралуын тоқтатамыз. Індеттің алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдардың ескертулеріне құлақ асып, карантин талаптарын толықтай орындаған жағдайда ғана індетті жеңетіндігімізді естен шығармайық ағайын!

К.Молдажанов

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.