Жаныңда жүр жақсы адам

0

Тарихи тұрғыдан алып қарасақ қазақ халқы үшін Аңырақай даласының маңызы ерекше. Демек, бұл жерді мекендейтін адамдардың өзгелерден басым түсетін бір ерекшелігі әлбетте болуы керек. Өйткені дәл осы Аңырақай төсінде тарихтан ойып тұрып орын алған шешуші шайқастар, ұлы жеңістер орын алған. Осындай тылсым сыр, тарихи деректерге толы елді мекенге біз де келіп жеттік. Ауыл тым-тырыс, тұнған тыныштықты анда-санда бір өтетін пойыздардың гуілі бұзады. Бұл да ауылдың бір ерекшелігі сыңайлы. Бірнеше үй, темір жол, көзге түсетін өзге нәрсе жоқ. Ойлап қарасақ, бұл маңайдың басты құндылығы адамдары екенін аңғардық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.