КҮЛЖАХАН ЕЛЕМЕСОВА – «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ»

0

Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі Күлжахан Елемесова «Үздік ауыл әкімі» атанды.

Биыл төртінші жыл қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметте үлгілі нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және жергілікті өзін-өзі басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін кеңінен тарату мақсатында «Үздік ауыл әкімі» конкурсын өткізіп отыр. Осы жылғы конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам ауыл әкімдері қатысты.

Комиссия шешімен әкім лауазымында 2018 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Күлжахан Елемесова үздік деп танылды. Өткен жылы ол өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, оның басшылығымен Қарасай ауылдық округіне 118 гектар жерге алма бағын интенсивті суару жүйесімен өсіру бойынша инвестиция тартылып, спорттық-сауықтыру кешенін салу, мектеп пен жолдарды жөндеу сияқты бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар іске асты.

Үміткерледі бағалау кезінде конкурстық комиссия ауыл әкімдерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтауы, жергілікті қоғамдастықтың әкімдердің қызметін бағалауы, халықпен кері байланысты орнату сияқты мәселелерді ескерді.

Қатысушылар көкөніс өсіру, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы үшін жерді ұтымды пайдалану, шағын және орта бизнесті қолдау, ауылдың экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларын шешу, туристік әлеуетті арттыру бойынша жобаларын ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.