ТАҒАЙЫНДАУ

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің  2023 жылғы 26 маусымдағы  №57 ө-ж/қ өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі болып

Қаспақбаев

Адлет Меделбекұлы  тағайындалды.

Қаспақбаев Адлет Меделбекұлы 1986 жылы   Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.

2009 жылы  Алматы экономикалық және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы, 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2008 жылы №14 орта мектебінде есепші болып бастаған.

2011-2013 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінде есепші, 2013-2019 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, 2019-2020 жылдары Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2020 — 2021 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі, 2023 жылы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.