«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, жастар және 50 жастан асқан адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары «Күміс жас» жобасы шеңберінде де құрылады.
Қатысу мерзімі:
— «Күміс жас» жобасы бойынша 36 айдан;
«Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде:
1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70%-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.

Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңыз қажет.
Мекенжайымыз: Қордай ауылы,
Белашов көшесі № 3.
тел. 4-86-02, 8775 455 55 37

Leave A Reply

Your email address will not be published.