ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

0

25 сәуір күні Қордай ауылында КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ю.Цхай және бокстан КСРО-ң еңбегі сіңген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің екі дүркін иегері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жүлдесіне арналған бокстан ХІХ жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнир өтетін болады.
Қордай ауылының «Шығыс» ықшам ауданында орналасқан спорт кешенінде жалауын желбірететін турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елінен келген жас былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде кім мықтыны анықтайды.
25 сәуір күні ашылу салтанаты болады. Турнир 28 сәуірге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.