Көк туымызды желбіретті

0

Ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйек аралығында Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында кикбокстан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз №7 Бетқайнар колледжінің 3 курс білімгері Салим Фушанло еліміздің намысын қорғап, бірінші орын иегері атанды. «Салимнің бұл жетістігі – оның ұзақ жылдар бойы жаттығуларымен, спортқа деген шексіз махаббатының жемісі. Бұл биікті өзінің қайтпас қайсар, өжет мінезімен бағындырды»,-дейді бапкері. Болашақта Салимнің жаңа белестерді бағындырып, еліміздің мәртебесін асқақтатып, биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.