Жерлесіміз Азия чемпионы атанды

0

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкентте джиу-джитсу және грэпплингтен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Азия біріншілігі өткізілген болатын.

Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Қамбар Қоқамбай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, 94 келі салмақ дәрежесінде екі дүркін Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, джиу-джитсу және грэпплинг спорт түрінен Халықаралық дәрежедегі «Спорт шебері» атағына ие болды. Ендігі кезекте, ағымдағы жылдың 7-12 қазан аралығында елімізде өткізілетін Әлем біріншілігінде бақ сынайтын болады. Иә, «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені», – деп елі үшін жанын беретін спортшылар ауданымызда жетерлік. Спортшылардың қатары көбейіп, еліміздің байрағы көкте желбіресін демекпіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.