КӨКТЕМГІ АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

0

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31,37 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданына қарасты барлық елді мекендер мен олардың айналасындағы аумақтарда санитарлық тазалықты және көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, гүл бақтарын, су айдындары мен адамдар жүретін басқа да орындарды көріктендіру, сондай-ақ ағаштар мен басқа да жас көшеттер отырғызу, автомобиль жолдарының бойындағы орман жолақтарының жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында, Қордай ауданында 2026 жылдың 1 наурызы және 1 мамыр аралығында көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы өткізілсін;
  2. Қордай аудандық көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығының шұғыл басқару штабы осы қаулының қосымшасына сәйкес құрылсын;
  3. Елді мекендер көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру ауданда екі айлық абаттандырудың өткізілуі туралы жадынама тарату ауылдық округтер әкімдеріне жүктелсін;
  4. Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қордай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (М.Асаров) (келісім бойынша) су жүйелері, қоғамдық тамақтандыру, базарлар нысандарының және балалар мекемелерінің, тамақ өнеркәсібі, көктемгі-жазғы дайындықтарын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын;
  5. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы (А.Алимхожаев) кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, өз нысандарының, кеңселерінің, павильон және олардың аймақтарын ретке келтіру жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
  6. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы (Т.Қабылтай) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы екі айлықтың өту барысы және қорытындысы туралы ақпаратты дайындауды қамтамасыз етсін;
  7. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (А.Абсеитов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін;
  8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қордай ауданының әкімі                                                                    Б.Болатбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.