ЕЛ БОЛЫП ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН

0

Табиғат тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Ауыл-аймақты қоқыстан тазалап, көрікті жерге айналдыру мақсатында ауданда көптеген жұмыстар атқарылуда. Ауданның барлық ауылдық округтерінен жиылған халық «совхоздар аймағының» санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар ауылдардың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізді.

Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталып, қатысушылар ортақ еңбектің маңызын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істегені рас. «Тазақ Қазақстан – сенбілік емес, ол сана-сезім!» деген ұранды ұстанған қордайлықтар бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті елді мекендердің көріктенуіне өз үлестерін қоса білді.

Бұл күні Қордай ауылынан бастап, Қайнар ауылына дейінгі аумақта орналасқан елді мекендерге апарар жолдардың жиегі қураған ағаштар мен қоқыстардан тазартылып, бейберекет өскен жасыл шөптер шабылды. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған шараға жұмылдырылған техника: қырықшақты жүк көліктер мен басқа да автоқұралдар жол бойындағы жиналған күл-қоқыс үйінділерін дер кезінде тиеп алып кетіп жатты.

Бұрыннан белгілі, ел болып ертеңін ойлаған халықтың ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбегінде еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға зор әсер беріп, бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.