КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

0

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әркетіне, жасаған істеріне, атқарған жұмысына жоғары баға беру.

Қордай ауданы прокуроры, Қордай ауданы әкімімен 2024 жылға бекітілген «Қауіпсіз –Қордай» жобасын орындау мақсатында Қордай ауданы әкімдігінің мамандары, Қордай аудандық пробация қызметкерлерімен бірлесе отырып, есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысында, пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, оларға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлеріне сотталған К. есімді азамат жер учаскесін алуға көмектескені үшін алғыс білдіруде.

А.АРЫҚБАЙ, Қордай аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.