ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

0

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілгендей, зорлық-зомбылық отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаларға қатысты дене зардабын немесе психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің жоғарылаған себебінен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы елімізде соңғы кездері жиі айтылып, алдын ала шаралары қолданылуда. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы әлемнің бірқатар елдерінде жүргізілуде, мәселен АҚШ-та құқық қорғау органдары жәбірленген баланы отбасынан мәжбүрлеп алып кетуге құқылы, ал Германияда агрессормен жұмыс істеу бойынша орталықтар бар, онда агрессорлар психологиялық консультациядан өтуге тиіс, ондай шарадан бас тартса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал біздің елде көбіне дәлелдің аздығына байланысты көп жағдайларда мұндай істер сотқа жетпей жатады. Құқықтық орталық психологиялық және заңгерлік көмек түрлерін көрсетуде. Ішімдікке, нашақорлыққа салыну, отбасының әлеуметтік жағдайының төмендігі, кереғар діни көзқарастар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жиі кездесетін себептері болып табылады.

«Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы 2020 жылы ашылып, арнайы әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуде.  Бұндай көмектің түрлеріне: жатын орындармен, ыстық тамақпен, киім-кешектермен қамтамасыз ету, балаларды балабақшаға, мектепке орналастыруға көмектесу кіреді. Сонымен қатар, мейірбикелердің, заңгердің кеңесін және отбасы қарым-қатынасындағы проблемалардан, жалғыздық сезімінен, өмірде қиыншылық көріп келген балалардың мінез құлықтарындағы өзгерістерді жеңу, өзгеру, қатігездіктен арылу секілді түрлі психологиялық жұмыстар жүргізіліп, бос уақыттарында түрлі еңбек түрлерін жасаумен айналысады. Орталықта 21 жатын орын бар, қызмет алу мерзімі – 6 айға дейін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары ұлттық менталитеттің ерекшеліктеріне, қорқыныш, ұят сезімдеріне байланысты және көмек көрсететін орталықтардың жұмыс істейтінін білмегендіктен, құқық қорғау органдарына сенімнің төмендігінен мұндай орталықтарға жүгінуге құлықсыз.

Орталықтың сенім телефоны тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Байланысу нөмері: +7778 052 16 20

Б.СЕЙТОВА, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

Leave A Reply

Your email address will not be published.