Көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

0

Қордай ауданына қарасты, Қарасу ауылдық округінің мәдениет үйінде тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау өтті. Бұл іс-шара Қордай аудандық прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылып, ауданның қоғамдық өмірінде ерекше маңызға ие. Қабылдауға аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, полиция бөлімінің бастығы, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары және сала басшылары мен тұрғындар қатысты.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беру, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайту. Қабылдау барысында тұрғындар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ өзге де құқықтық мәселелер жөніндегі сұрақтарын қойды.

Аудан прокуроры Қайыржан Еркінбекұлы тұрғындардың көтерген әрбір мәселесін назарға алатындығын атап өтті. Ол заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылатын жұмыстардың тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Прокурор тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, құқықтық мәдениетті арттыруға шақырды, бұл қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі шарты екендігін түсіндірді. Кездесу барысында тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары тыңдалып, олардың құқықтық мәселелері бойынша кеңестер берілді. Жергілікті тұрғындардың заңды құқықтары мен мүдделері қорғау мақсатында құқық қорғау органдары мен әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Бұл қоғамдық қабылдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Аталған қағидат қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, және мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын күшейтуге бағытталған.

Тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерінің тыңдалуы, олардың қоғамның белсенді мүшелері ретіндегі рөлін нығайтып, мемлекеттің заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуде үлес қосатындығы сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.