Кенен ауылдық округінде орналасқан уақытша тұқым бағын аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі тұрақты түрде күтіп-баптап келеді.
Орманшылардың еңбегі табиғатты қорғауда ерекше маңызға ие. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ағаш-бұта тұқымдарын егіп, күтіп, экожүйенің сақталуына өз үлесін қосуда.
Қазіргі таңда тұқым бақта:
🌱 1 гектар аумаққа қарағаш тұқымы себілуде
🌱 5 гектар жерге сексеуіл тұқымы отырғызылып, тұрақты күтім жүргізілуде
Жұмыстың негізгі мақсаты – сапалы көшет өсіріп, оларды алдағы уақытта аудан аумағына және тиісті мекемелерге тарату арқылы жасыл желек қорын көбейту.
Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орманшылық басшысы Жомарт Алиахмет табиғатқа жанашырлық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті:
«Көшеттердің тамыр алып, өсіп-жетілуі – тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың да табиғатпен үйлесімді өмір сүруінің кепілі», – деді ол.
Айта кетейік, бүгін – 12 мамыр Халықаралық өсімдіктер денсаулығын қорғау күні. Бұл — табиғатты қорғау, өсімдіктер әлемін сақтау және экологиялық мәдениетті арттырудың маңыздылығын айқындайды.