Қашанда белсенді Кенен ауылының тұрғындары бұл күні де таңсәріден референдум учаскесіне бет алды. №259 референдум учаскесі орналасқан Мәдениет үйіне келген ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары азаматтар екенін көрсетті.
Өз кезегінде алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берген белсенді азаматқа комиссия мүшелері тарапынан арнайы сыйлық табыс етілді.
Жалпы, Кенен ауылындағы референдум учаскесіне келушілердің саны сағат сайын артып келеді. Ауыл тұрғындарының ұстанымы айқын – ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасау. Бұл олардың азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Сонымен қатар, референдум учаскесінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен күйге бөленген мәдени шара ауыл тұрғындарының мерекелік көңіл-күйін арттыра түсті.