«КЕНЕН-БЕРЕКЕ» ЖАҢА ТЕХНИКАҒА ИЕ БОЛДЫ

0

2019 жылы қолға алынған «Жамбыл облысы тұрғындарының кірісін арттыру» пилоттық жобасы Қордай ауданында сәтті жүзеге асуда.
Биыл Қордай ауданынан пилоттық жоба ретінде Кенен ауылдық округі ұсынылды. Бірнеше бағыттан тұратын жобаның ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға тигізер әсері мол. Оған дәлел Жамбыл ауылдық округі болды. Енді Кенентілер бұл жобаның жемісін көретін болады. Енді бастамасы бар, жақында шаруалар жаңа техника сатып алды.
Жобаның 4-ші бағыты – ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету аясында «Кенен-Береке» кооперативі алғашқылардың бірі болып жаңа техника сатып алды.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың жобасы аясында құрылған кооперативке ауыл шаруашылығы техникасын тапсыру туралы газетіміздің бірінші бетінде жазған болатынбыз.
Шара барысында аймақ басшысы облыс көлеміндегі кооператив төрағаларына жалпы құны 303,0 млн теңгеге «Ловоль», «Зумлион», «УТО», «МТЗ» маркалы 18 тракторды табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.