КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА «НАУРЫЗ PARTY»

0

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде колледж студенттері арасында «Наурыз Party»  байқауы өтті.

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы және «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында өткен шараға №7 Бетқайнар колледжі, «Ноғайбай ауылшаруашылық колледжі» және ««Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері қатысты.

Байқаудың мақсаты халқымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жастардың бойына сіңіру, ұлттық рухани құндылықтарымызды дәріптеу. Айта кетейік, студенттер сайысы төрт кезеңнен тұрды. Бірінші «Таныстыру» кезеңінде әр команда өзін таныстыруы қажет болса, екінші «Дәстүрлі көрініс» кезеңінд ұмыт қалған  салт дәстүрлерді жаңғырту мақсатында көрініс қоюы керек болды. Ал «Күш атасын танымас» деп аталған үшінші кезеңде білімгерлер бауырсақ жеп, қымызды ішіп тауысудан кім мықтыны анықтады. Төртінші кезеңде күштерін сынап, арқан тартысты.

Жарыс нәтижесі бойынша барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, үздік деп танылған «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі жүлделі І орынды иеленді. ІІ орынды «Ноғайбай ауылшаруашылық колледжі» және ІІІ орынды №7 Бетқайнар колледжі иеленіп, командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.