Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, лауазымды тұлғаға пара бергені үшін жазаланды

0

Қордай  аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 367 б 2 б, 368 б. 1 б, 190 б 3 бөлігімен 3 адамға қатысты қылмыстық іс  қаралды (367-бап. Пара беру, 368-бап. Парақорлыққа делдал болу, 190-бап. Алаяқтық).

Жамбыл облысы білім басқармасымен   2023 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңына сай, «Білім беру ұйымдарына»  мемлекеттік аттестация өткізілген.  13 қыркүйек 2023 жылы азамат Н. ұялы телефон арқылы  Жамбыл облысы білім басқармасының бөлім басшысы Б-ға хабарласып, өзінің танысы жеке кәсіпкер Т-ға  мемлекеттік аттестациядан өтуге көмектесуін сұраған. Бөлім басшысы Б. аттестация комиссиясының құрамына кірмейтінін біле тұра,  алдау және сенімге қиянат жасау арқылы  бөтеннің қаражатын иемдену мақсатындағы қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында азамат Н. арқылы жеке кәсіпкер Т-ға көмектесетінін айтып, қызметтері үшін 300 000 теңге көлемінде сыйақы сұраған. 15.09.2023 жылы білім басқармасының аттестациялық комиссиясы тексерудің сәйкессіздігі туралы  шешім  шығарып 02 қазан 2023 жылға дейін сәйкессіздіктерді жоюға мерзім беріледі. 02.10.2024 жылы жеке кәсіпкер Т. қосымша құжаттарын жіберген соң  білім беру ұйымының сәйкестігі туралы комиссия шешімін алған.   12.10.2023 жылы бөлім басшысы Б. «WhatsApp» месенджер арқылы Н-ға 300 000 мың тенге сыйақыны «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы күйеу баласы С.ға аударуын хабарлайды.   Алайда, жеке кәсіпкер Т. танысы Н-ға «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы 300 000 тенгені аударады. Н. өз кезегінде лауазымды тұлғаға пара беруде делдалдық жасап жоғарыда аталған соманы «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы С-қа аударған.  Осы кезде Н.  басқарманың бөлім басшысы Б. лауазымды тұлға екенін біле тұра,  танысы Т-ның әрекеті пара беруші мен пара алушының арасында делдалдық жасаған.     Жеке кәсіпкер Т. басқарманың бөлім басшысы Б. лауазымды тұлға екенін біле тұра, оған  мемекеттік аттестациядан өтуіне көмектескені үшін танысы Н. арқылы пара берген.

Сотта сотталушылар өз кінәларын мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен Жамбыл облысы білім басқармасының бөлім басшысы Б. ҚР ҚК-нің  190 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 000 000 (үш миллион) теңге айыппұл салынып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Мемлекет пайдасына жалпы 300 000 (үш жұз мың) теңге пара сомасы өндірілді.

Сот үкімімен жеке кәсіпкер Т. ҚР ҚК-нің 367 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 800 000 (жеті миллион сегіз жүз мың) теңге  айыппұл салынып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен  азамат Н. ҚР ҚК-нің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  3 000 000 (үш миллион) теңге  айыппұл салынып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қордай аудандық соты

Leave A Reply

Your email address will not be published.