Жастар – қоғам айнасы

0

Жуырда, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімінің бірлесіп ұйымдастырған түнгі рейдтік іс-шарасы – қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Бұл шара «Заң мен тәртіп» қағидатының талаптарына сәйкес өткізіліп, ұйымдастырушылар қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, заң бұзушылықтардың алдын-алу және әсіресе жастар мен жасөспірімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Рейд барысында балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы жасақталған ойын алаңдары, футбол алаңшалары, компьютерлік клубтар және басқа да қоғамдық орындар жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ, профилактикалық шара қоғамдық орындардың қауіпсіз, таза және заң талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге бағытталды. Жастардың демалысы мен бос уақыттарын пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне жағдай жасау, олардың заңдылық шеңберінен шықпай, тыныштылық пен тәртіпті сақтауы – осы іс-шараның басты мақсаты болды. Бұл арқылы оның ұйымдастырушылары азаматтардың, әсіресе жас буынның өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін арттыруға тырысты.

Рейд кезінде полиция қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» мамандары дүкен иелерімен де профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптары туралы ескертулер берді. Арнайы назар кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға қатысты болды. Бұл өнімдерді балалар мен жасөспірімдерге сатудың заң бойынша қатаң тыйым салынғаны түсіндірілді. Дүкен иелеріне аталмыш ережелерді бұзбау қажеттігі, заң талаптарын орындауы – қоғамдағы тәртіпті сақтау мен жас ұрпақтың денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам екені айтылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың пайда болуына жол бермеу үшін жергілікті тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға шақырылды.

Осындай бірлескен әрекеттер арқылы қоғамда заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы артып, азаматтардың құқықтық сауаттылығы нығая түседі. Атап айтқанда, бұл жұмыс жасөспірімдер мен олардың отбасы мүшелері арасында дұрыс ақпарат беріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға зор үлес қосады. Бұдан бөлек, рейд жүргізу кезінде анықталған кемшіліктер мен заңбұзушылықтар дер кезінде жойылып, тиісті шаралар қабылданады.

Жалпы алғанда, мұндай шаралар – қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде тиімді механизмдердің бірі болып табылады. Бұл тәжірибе бүкіл аудандық деңгейде құқықтық тәртіпті жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың жүзеге асырылуының айқын мысалы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.