Мұратбай Жолдасбаев тарихи күнде референдумда өз таңдауын жасады

0

Жалпы еліміз бойынша тарихи таңдау жасалып жатқан күні референдум учаскесіне ҚР Парламентінің бұрынғы депутаты, «Құрмет» және «Достық» ордендерінің иегері Мұратбай Жолдасбаев келіп, өз дауысын берді.
Қоғам қайраткері осы тарихи күн туралы терең толғанысын білдіріп, дұрыс таңдау жасау арқылы біз ел болашағының бағытын дамудың жаңғыл жолына қарай түзейтінімізді жеткізді. Ол әрбір азаматтың өз таңдауын жауапкершілікпен жасап, елдің тұрақты әрі гүлденген келешегіне үлес қосуының маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.