МӘДЕНИЕТ – МАҢЫЗДЫ САЛА

0

Үстіміздегі жылдың 20 қазанында аудандық қоғамдық кеңестің отырысында мәдениет және тілдерді дамыту мекемелерінің жұмысын ішінара зерделеу жүмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында аудандағы бірқатар кітапханалар термометр, бөлменің ылғалдығын өлшейтін гигрометрлермен қамтылмаған, бекітілген жоспарлар (оқырман саны, келім саны) тұратын халық санына сәйкес еместігі байқалды. Зерделеу жұмыстары жүргізілген кітапханаларда оқырман формулярлары толық толтырылмаған, кітаптар уақтылы қайтарылмайтыны белгілі болды.

Осы орайда, оқырмандардың сұраныстары бойынша басқа кітапханалармен кітап алмасу, қарт адамдармен, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасап, тығыз байланыс орнату керектігі, халықты кітапханаларға тарту мақсатында іс-шаралар өткізу, ақпараттық қызметтер көрсету, әдебиеттерді кеңінен насихаттау туралы кеңестер берілді.

Зерделеу барысында ауданның ауылдық клубтарындағы үйірме жұмыстары да тексерілді. Үйірмелер жоспарға сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, Жамбыл ауылында хореография, домбыра, «Арнау», Әлжан-ана  ауылында би, «Алтын ине», Сарыбұлақ ауылында «Әжелер сазы», Степной ауылында «Шебер қолдар», «Жұлдыз», Еңбек, Масаншы, Отар, Кенен ауылдарында үйірмелер өз деңгейінде жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, біраз кемшіліктер анықталды: үйірмеге қатысушылардың құжаттары толық рәсімделмеген, жұмыс кестесі бекітілмеген. Сонымен қатар, материалдық- техникалық базасы жаңартуды қажет етеді.

Қоғамдық кеңес отырысында жоғарыда аталған мәселе толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.