КАРАТЭДЕН ДҮБІРЛІ ДОДА ӨТТІ

0

Өткен жұмада Қордай ауылындағы Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының спорт кешенінде 25 – қазан Республика күніне арналған «Барыс кубогының» жүлдесіне арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар және жастар арасында киокушинкай каратэ-додан Халықаралық ашық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері, Алматы, Қарағанды, Ұлытау облысы, Алматы, Тараз қаласы және Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай ауданының командаларынан 100-ге жуық спортшылар татамиден өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыстың ашылу салтанатында Қордай аудандық мәслихат төрағасы Нурдин Садықов және аудандық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов сөз алып, жылы лебіздерін жеткізді. Ал Жамбыл облысы бойынша киокушинкай каратэ-до федерациясының президенті Султан Ералы спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан «Аманат» партиясының Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов құттықтауын білдіріп, киокушинкай каратэ-додан ІІІ-дан жаттықтырушы Рамазан Маженовпен бірге дәстүрлі түрде өтетін чемпионатқа өз үлесін қосқан азаматтарға естелік төс белгілер табыс етті.

Тартысты өткен спорт додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок және медальмен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.