«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫМ»

0

25 қазан – Республика күніне орай Қордай ауданының жастары еңбек ардагерлерімен кездесті. «Тәуелсіздік тұсындағы еңбек жолым» атты кездесуге зейнет жасында болса да, қоғамнан алыстамай, халықты ауызбіршілік пен ынтымаққа үндеп жүрген ауданға сыйлы азаматтар –Құрманғали Уәлиев және Біржан Әлімбет қатысты.

Ардагерлер республиканың құрылуы мен еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген тұстағы өмірлері мен еңбек жолдарындағы маңызды оқиғалармен бөлісіп, өмірден білген-түйгендерін айтып, жастарды ерінбей еңбек етуге, білім алып, ел игілігі жолында тер төгуге шақырды. Ал шараға қатысқан «Аманат» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов кейінгі ұрпақ пен аға буынның арасындағы байланысты нығайта түсетін, жастарға берер тәлімі мол мұндай кездесулердің маңызы зор екендігіне тоқталды.

Кездесу барысында белсенді жастар еңбек ардагерлерінің ақыл-кеңесін тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды. Әсерлі басқосудың соңында жиналған қауым естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.