МАҒЖАН – қол күресінен чемпион

0

Қол күресі — ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрі. Ал әлем елдерінде ол «армспорт» деген атаумен танымал.

Ереже бойынша үстелдің шетіне қарама-қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол қолымен үстелдің сол жағына бекітілген тұтқаны мықтап ұстайды. Осылайша, ұстасқан екі ойыншы төрешінің белгісімен, шынтақтарын тұрған орнынан қозғамай, қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Соңғы жылдары бұл спорт түрі Қордай ауданында да дамып келеді. Қол күресінен жақсы нәтижеге жетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жастарымыз баршылық. Солардың бірі – Мағжан Ерланұлы.

Ол 4-8 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, +90 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп, чемпион атанады. Жамбыл облысының намысын қорғаған қордайлық спортшы енді Азия чемпионатына жолдама алып, ел намысын қорғамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.