МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ТОСҚАУЫЛ

0

Бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналып отырған мәселе – мал ұрлығы. Аудан бойынша мал ұрлығына қарсы күрес жұмыстары, малды сату және тасымалдаудағы заңдылықтың сақталуы, ұрлық малды заңсыз жерде сою, заңсыз ет өнімін сатуға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алайда әлі де болса, өзінің жеке малдарына жүрдім-бардым қарайтындығы, тұрғындар тарапынан кейбір жағдайларда мал ұрлығының алдын алуға бөгет болуда.
Елді мекендердегі пада немесе кезек арқылы бағудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы, малдардың өз бетінше өрісте жүрген жерінен ұрлануына оңтайлы сәт туғызуда.
Одан бөлек, қараусыз жүрген малдар автокөлік жолдарына шығып кетіп, жол көлік оқиғаларына да себеп болуда.
Осыған орай аудан тұрғындары! Малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.
Мал қоралардың толық, тиянақты жабылуына назар аударып, сақтық шараларын қолданыңыздар. Мүмкіндігінше қоралардың маңына бейнебақылау камераларын орнатуды және оның аумағын жарықтандыруды қарастырған жөн.
Сонымен қатар, малдарыңызды сырғалап, таңбалап, деректер базасына енгізілуін және құжаттарының сәйкестендірілуін қамтамасыз етулеріңіз қажет.
Малыңыздың ұрланғаны белгілі болған немесе осындай күдік туған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.

Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.