МАЛ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

0

Жамбыл облысының «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 12 айындағы есепті кезеңде талдау жүргізу барысында Жамбыл облысы бойынша республикалық маңызы бар жолдарда 328 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, салдарынан 136 адам қаза болған, 637 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Соның ішінде үй жануарларының қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қаза тауып, 25 адам түрлі дене жарақатын алған.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі үй жануарларының жолдың жүріс бөлігіне шығып кету, малшылардың иеленген үй жануарларын қараусыз қалдырғаны салдарынан орын алатынын ескеру керек.
Осыған орай, жеке меншік мал иелері және фермерлік шаруашылықтардың басшылары Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы «Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» №3-8 шешімін қатаң ұстануды ескертеміз. Жалпы Ережелерде көрсетілгендей, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ, басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елдімекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Заңда көрсетілген талаптарды орындау әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Ауыл тұрғындарын жеке малдарына жауапкершілікпен қарап, автомобиль жолдары аумағына қараусыз жібермеуге, жол қаупсіздігін қатаң сақтауға шақырамыз. Қараусыз жатқан малдардың жолға шығып кету кесірінен қаншама бейкүнә жандар жол апатынан қаза болуда. Мал иесінің жауапкершілігі өте жоғары болуы керек, өйткені апат орын алған жағдайда мал иесі толық жауап береді.

Б.САДЫРБАЕВ, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.