Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жұмыс сапарымен Масаншы ауылдық округіне барып, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және діни бағыттағы бірқатар мекемелердің қызметі зерделеніп, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігіне баға берілді.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Масаншы ауылындағы Мәдениет үйіне арнайы барып, мәдени-көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық базасы және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ауылдық ауруханадағы медициналық қызмет көрсету сапасы, тұрғындарды алғашқы медициналық көмекпен қамту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жұмыс сапары аясында Жүсіпбек Аймауытов, Әл-Фараби және Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектептерге барып, білім беру ұйымдарының жай-күйі, оқушыларға жасалған жағдайлар, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы қаралды. Сондай-ақ «Ботақан» және «Ертөстік» балабақшаларындағы тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысып, мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Спорт саласын дамыту бағытында футбол алаңшасы мен балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының жұмысы қаралды. Жастардың спортпен және шығармашылықпен тұрақты айналысуына жағдай жасау қажеттігі айтылып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
Сапар барысында Масаншы ауылындағы мешіттер мен Құран қариларын дайындау орталығының қызметімен де танысып, діни тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі мен рухани құндылықтарды насихаттау мәселелеріне назар аударылды.
Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Медициналық пункттердің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, №11 Спандияр Көбеев атындағы негізгі мектеп пен оның филиалының, ауылдық клуб пен спорт алаңшаларының жұмыс жағдайы зерделенді.
Кездесулер барысында тұрғындар мен мекеме басшылары тарапынан көтерілген мәселелер тыңдалып, әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Сапар қорытындысында Нұрболат Сатымқұл әлеуметтік саланы дамыту аудан басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар анықталған проблемалық мәселелерді назарға алып, жұмысты жандандыру, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әлеуметтік нысандардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
БІРІҚ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жұмыс сапарымен Сортөбе ауылдық округіне барып, өңірдегі әлеуметтік саланың ахуалымен танысты. Сапар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және рухани бағыттағы нысандардың қызметі қаралып, олардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Сортөбе ауылындағы Мәдениет үйіне барып, мәдени іс-шаралардың өткізілу деңгейі мен материалдық-техникалық жағдайына назар аударды. Сонымен қатар ауылдық ауруханадағы медициналық қызмет көрсету сапасы, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жұмыс сапары барысында Михаил Лермонтов атындағы №16 орта мектеп, Мәншүк Мәметова атындағы №17 орта мектеп, Әлия Молдағұлова атындағы №18 орта мектеп және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектептердің қызметімен танысты. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы, материалдық базасы, оқушыларға жасалған жағдайлар мен білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ «Достық» және «Бүлдіршін» балабақшаларының жұмысы қаралып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайы мен даму мүмкіндіктері талқыланды. №7 Бетқайнар колледжінің филиалы қызметімен танысу барысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жұмыстар, студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мәселелері сөз болды.
Аудан әкімінің орынбасары жасөспірімдер және балалар шағын орталығы мен кітапханаға барып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстарға назар аударды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және мәдени-ағартушылық жұмыстарды күшейту мәселелері көтерілді.
Сапар аясында Сортөбе ауылындағы бірқатар мешіттердің қызметі де зерделенді. Діни ұйымдардың қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, жастар тәрбиесі мен рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге ауылдағы футбол алаңшасының жағдайы қаралып, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға баға берілді.
Жұмыс сапары Бұлар Батыр ауылында жалғасты. Мұнда Бұлар Батыр атындағы №19 орта мектептің, дәрігерлік амбулаторияның, жасөспірімдер және балалар шағын орталығының және кітапхананың жұмысы қаралды. Әлеуметтік нысандардың қазіргі жай-күйі мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасы сараланып, оларды одан әрі жетілдіру бағытындағы ұсыныстар айтылды.
Жандос ОМАРОВ