Президенттің пайымдауынша, жоғары сапалы өндірістік мәліметтер болмаса, жасанды интеллектіні тиімді қолдану мүмкін емес.
🔹Ол кәсіпорындар өндірістік мәліметтердің мол қорын жинақтағанымен, сапасы әркелкі әрі шашыраңқы күйде қалып отырғанын айтты. Мұндай деректердің көбі жасанды интеллект жүйелерінде қолдануға жарамсыз.
– Кеңестің алдыңғы отырысында деректерге бағдарланған модельге көшу және салалық мәліметтер қорын жасақтау қажет екенін айтқанмын. Енді аталған жұмысты өндірісте жалғастыру керек. Бізге бірыңғай сапа стандартына сай, өзара байланысты және қауіпсіз пайдалануға болатын салалық өндірістік мәліметтер қажет. Отандық зерттеушілер мен бағдарлама әзірлеушілер оған кедергісіз қол жеткізуге тиіс. Әрине, коммерциялық құпия, стратегиялық ақпарат пен аса маңызды мәліметтер сенімді түрде қорғалады.