Мемлекет басшысының Халықаралық волонтерлер жылына орай көтерген бастамалары аясында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырды.
Акция жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өтті. Осы күні еліміздің барлық өңірінде тарихи-мәдени мұра нысандарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған волонтерлік шаралар өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын ұғындырып, жұртшылықтың жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінде басталды.