Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері Т.Рысқұлов, Меркі және Қордай
аудандарында іссапармен болып, 150-ге жуық мемлекеттік
қызметшілермен кездесті.
Қордай ауданында өткен шара барысында филиалдың Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің жетекші сарапшысы М.Асанов жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасындағы білім беру бағдарламаларымен таныстырып, құжаттарды тапсыру шарттары, конкурстық іріктеуден өту кезеңдері және академияда оқудың артықшылықтары туралы айтып өтті. «Биыл Мемлекеттік қызметшілерді даярлау барысына, бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды. Бұл болашақ кадрлардың машығы мен, тілдік даярлығын күшейту үшін қажет.
Докторантура бағдарламасы үшін жұмыс өтілі бойынша талап 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды»,-деп Академиядағы жаңалықтармен бөліскен М.Асанов оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп, азаматтар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.
Бұдан бөлек, кездесу барысында жиын қатысушыларына филиалдың доценті А.Бапанов «Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудағы бизнес-процестерді оңтайландырудың рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Prev Post
Next Post