МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0

Еліміздің өркендеуі жолында қалтқысыз қызмет етіп, аудан абыройын асқақтатуға толассыз тер төккен бірқатар аудан азаматтарына Жаңа жыл қарсаңында құрмет көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасарлары саналы ғұмырын еселі еңбекке арнаған аға буын өкілдеріне Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың жылы лебізін жеткізіп, жүйелі жұмыстарына алғыс айтты.

Бұл күні аудандық қоғамдық кеңес төрайымы Баян Қарамолдаева, Қарасу ауылдық округінің әкімі Рая Жасыбаева, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбековалар «Қордай ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет аудан әкімінің қолынан Құрмет грамотасын иеленді. Сондай-ақ, С.Салыбаев, М.Күзербаев, Т.Сүгірбай, Т.Жасыбаев, Ә.Сейілханов, А.Шупта, Е.Маженов, Б.Байшымыров, Қ.Мейірманова, А.Валиев, А.Айдыров, Д.Двумаров, М.Асанқұлов, Т.Түстікбаев, А.Рысымбетов, А.Ибрагимов, Н.Маманов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.