АУДАННЫҢ «ҮЗДІК ЖАСТАРЫ»

0

Бүгінде ауданымызда әр салада еңбек етіп жүрген жалынды жастар жетерлік. Қоғамның қозғаушы күші саналатын олар өздерінің тың бастамаларымен, айқын ұстанымымен тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде білімнің биігін бағындырған, спортты серік еткен, бизнестің басын ұстаған осындай белсенді жастар «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты аудандық форумда бас қосты. Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай арнайы қатысып, түрлі салада еңбек етіп, жетістікке жеткен аудан жастарын марапаттады.

Атап айтатын болсақ, «Үздік жас спортшы» номинациясымен қыздар арасындағы қол күресінен Әлем чемпионы Раушан Джаналиева, «Ең үздік құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясымен Қордай аудандық полиция бөлімінің 2-ші арнайы тобының инспекторы, полиция лейтенанты Қанат Ақбар, «Үздік жас мұғалім» номинациясымен №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Елнұр Әскенұлы, «Мәдениет саласының үздік маманы» номинациясымен Ақмарал Хайтбаева, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясымен жеке кәсіпкер Еркебұлан Метхан, «Үздік әлеуметтік қызмет маманы» номинациясымен Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының психологы Ақілгек Бердалыева, «Үздік жас баспа журналист» номинациясымен «Қордай шамшырағы» аудандық газетінің тілшісі Сәуле Мұхадинқызы, «Үздік жас волонтер» номинациясымен «Лидер.кз» аудандық еріктілер қозғалысының жетекшісі Мақсат Кенжеев, «Үздік мобилограф» номинациясымен Айбек Дүйсенбай, «Үздік жұмысшы жас» номинациясымен Жеңісхан Ізтелеу, «Жасыл ел жасағының үздік сарбазы» номинациясымен Асылбек Диас, «Үздік студент» номинациясымен Жансая Жүрерқұл, «Үздік оқушы» номинациясымен №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шариз Буралкинова марапатталды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен түйінделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.