МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

0

Өңірде бастау алған «АМАNАТ» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары аудандарда өз жалғасын табуда. Өтіп жатқан шарада ауыл тұрғындары түрлі мәселелерді көтеріп, тұшымды жауаптар алуда. Сондай-ақ, сала мамандары кеңестер де беруде. Осы орайда, мобильді қоғамдық қабылдау Қордай ауданының Бетқайнар және Жамбыл ауылдық округтерінде өтті.
Қабылдауға «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова мен партия аудандық филиалы атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев, бөлім басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Олар аталған ауылдық округ тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Жалпы, аталған ауылдық округтерде түйіні тарқамаған, шешуді қажет ететін мәселелер бар. Атап айтқанда, жол, ауыз су жүйелерін жүргізу, көгілдір отын тарту, электр жарығы, жер телімін алу, қайтарымсыз грант алу, жаңа мектеп салу сынды өзекті мәселелер көтерілді. Ол бойынша жауапты сала мамандары тұщымды жауаптар берді. Яғни, мұның барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асатын жобалар. Сондай-ақ ауыл халқы зейнетке шығу, тұрақты жұмысқа орналасу, материалдық көмек алу, азаматтық алу бойынша кеңестер де алды.
Шара барысында 62 адам әртүрлі мәселелермен келген болса, олардың 7-нің мәселесі өз шешімін тапты. Сонымен қатар 15 азаматтың көтерген проблемасы бақылауға алынды. Қалғандарына заң аясында жауапты сала мамандары түсініктеме берді.
Сондай-ақ, осы күні «Жер аманаты» комиссиясы Әлжан ана тұрғындарымен кездесу өткізіп, бірқатар мәселелерге қанық болып, жұмыстарды бақылауға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.