191 тұрақты жұмыс орны ұсынылды

0

10 тамыз күні Қордай ауданының білім бөлімі және Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, олардың ішінде алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар болды.

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 45 мекемеден түскен 191 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша 93 бос, денсаулық сақтау бойынша 11, экономика саласы бойынша 2, әр түрлі 85 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 7 кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 60- тан астам азаматтың ішінен 28 азамат тұрақты жұмысқа, 6 азамат жастар тәжірибесіне, 5 азамат алғашқы жұмыс орындарына жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.