МОЛ ӨНІМ КҮТІЛУДЕ Қордай ауданының ауыл шаруашылығында сарымсақ өсіру белгілі бір дәстүрге айналған кәсіп. Жыл сайын бұл салада еңбек етіп, өнімін нарыққа шығаратын шаруалар саны артып келеді. Олардың қатарында Масаншы ауылындағы «Лочь» шаруа қожалығы ерекше көзге түседі. Бұл қожалықтың төрағасы Хамид Лочь бұл істі кәсіби деңгейде жүргізіп, өңірдегі ауылшаруашылық кәсіптің дамуына үлес қосып отыр. Қожалық сарымсақ өсіруді жүйелі бақылаумен және ғылыми тәсілмен жүргізеді. Шаруашылық иесінің айтуынша, ерте сұрыпты сарымсақ өнімін жиап, тамыз айының ортасында 8 гектар алқапқа жаңадан сарымсақ тұқымын сепкен. Бұл уақыт – сарымсақ егу үшін өте қолайлы әрі өнімнің сапасы мен көлеміне оң әсерін тигізеді. Қожалық басшысының сөзінше, науқан маусымы кезінде 50-60 маусымдық жұмысшы жұмылдырылып, еңбек өнімділігі арттырылады. Жұмысшылардың көпшілігі ауыл тұрғындары болып, оларға тұрақты табыс көзі мен әлеуметтік жағдайы жақсаруға мүмкіндік туады.

0

МОЛ ӨНІМ КҮТІЛУДЕ

Қордай ауданының ауыл шаруашылығында сарымсақ өсіру белгілі бір дәстүрге айналған кәсіп. Жыл сайын бұл салада еңбек етіп, өнімін нарыққа шығаратын шаруалар саны артып келеді. Олардың қатарында Масаншы ауылындағы «Лочь» шаруа қожалығы ерекше көзге түседі.

 

Бұл қожалықтың төрағасы Хамид Лочь бұл істі кәсіби деңгейде жүргізіп, өңірдегі ауылшаруашылық кәсіптің дамуына үлес қосып отыр. Қожалық сарымсақ өсіруді жүйелі бақылаумен және ғылыми тәсілмен жүргізеді. Шаруашылық иесінің айтуынша, ерте сұрыпты сарымсақ өнімін жиап, тамыз айының ортасында 8 гектар алқапқа жаңадан сарымсақ тұқымын сепкен.

Бұл уақыт – сарымсақ егу үшін өте қолайлы әрі өнімнің сапасы мен көлеміне оң әсерін тигізеді. Қожалық басшысының сөзінше, науқан маусымы кезінде 50-60 маусымдық жұмысшы жұмылдырылып, еңбек өнімділігі арттырылады. Жұмысшылардың көпшілігі ауыл тұрғындары болып, оларға тұрақты табыс көзі мен әлеуметтік жағдайы жақсаруға мүмкіндік туады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.