МЫҢНАН АСТАМ КІШІ МАМАНДАР ДАЯРЛАНДЫ

0

Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлеріне кіші мамандарды даярлаудың жартыжылдық курсы аяқталды. Мерзімді қызметтегі мыңнан астам сарбаз әскери мамандықтарды меңгеріп шықты.

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында әскерге шақырылғаннан кейін сарбаздар танктің, жаяу әскердің жауынгерлік машинасының, бронды транспортер және өздігінен жүретін қондырғының көздеуші-операторы және механик-жүргізушісі, артиллериялық қарудың командирі, топогеодезист және барлаушы мамандықтары бойынша даярлықтан өтті. Әскери қызметшілер салтанатты түрде командирлердің қолынан куәлік алды.
– Тәлімгерлеріміздің арқасында алты ай ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы жетік меңгердік. Алдағы уақытта біз барлық жаттығулар мен атыстарда жақсы нәтижелер көрсететінімізге сенімдімін, – деді қатардағы жауынгер Бағжан Оралбай.
Оқуды аяқтаған түлектер Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдеріне бөлініп, онда алған мамандықтарына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.