НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ

0

Спорт саңлақтарымыздың жеткен жетістігімен бөлісетін «Бәрекелді» айдары үзіліссіз жарық көріп келеді. Кезекті айдарымызда Қордайдың қос балуаны жайлы айтпақпыз. Олар дзюдо спортынан болашақ чемпиондар екеніне сенім мол. Нақтырақ айтсақ, Ұлан Зәкір мен Абылай Мұсаханов Алматы қаласында өткен байрақты бәсекеге қатысып, жүлделі оралған болатын.

Мамыр айының 14-16 күні Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өткен болатын. Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 400-ге жуық татами шеберілері қатысты. Үш күнге созылған дүбірлі дода Алматы қаласындағы атақты «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтті. Бұл жарыста Қазақстанның намысын қордайлық екі спортшымыз қорғап финалдық бәсекеге шығып, күміс алқаны иеленді. Атап айтсақ, Қордай ауылындағы  №17 БЖСМ-ның дзюдо бөлімінің бапкері  Нұрбек Орекенов шәкіртері Ұлан Зәкір жасөспірімдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде, ал Абылай Мұсаханов жастар арасында 60 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға қол жеткізді.Ұлан мен Абылай алдағы уақытта Қазақстанның туын әлемдік додаларда көкке көтереріне сенеміз.

-Шәкіртерімнің болашағына үлкен сенім білдіремін. Оларда күш бар, жігер бар, ең бастысы намыс бар. Сондай-ақ,Ұлан мен Абылайдың  жарысқа қатысуына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреміз — дейді жаттықтырушысы Н.Орекенов.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.