Оқу-әдістемелік жиын

0

Гвардейск гарнизонындағы «Отар» 40-шы Әскери базасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Жиын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Мереке Күчекбаевтың басшылығымен өтті. Оқу-әдістемелік жиынды өткізудің басты міндеті жеке құрамды оқытудың және жауынгерлік даярлықты ұйымдастырудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу болды.
Көрнекі көрсету мақсатында және қатысушылардың жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды сапалы меңгеруі үшін оқу-әдістемелік жиынды өткізу барысында 15 оқу орны орналастырылды.
Мәтыбұлақ полигонындағы көрсетілімдік сабақтың тақырыбы артиллерия атысын басқару бойынша командирдің жұмыс әдістемесі болды. Оқу орындарында командалық-бақылау пункті жауынгерлік жұмыстың практикалық көрсетілімін өткізді, артиллериялық атысты түзетушінің жұмысын және батареяның атыс позициясындағы жауынгерлік жұмысты көрсетті. Сонымен қатар, «Таулы жерлерде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану» және «Танкке қарсы басқарылатын зымыранынан бақылау атыстарын дайындау әдістемесі мен орындау тәртібі» тақырыбында көрнекі сабақтар ұйымдастырылды.
Оқу-әдістемелік жиынның маңызды құрамдас бөлігі таулы жерлердегі жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар болды. Жиынға қатысушыларға блокпостта қызметті өрістету және ұйымдастыру, көлік коммуникацияларын күзету және лектерді алып жүру, биіктіктерден өту, жеке құрам мен жүктерді тауда өткізу бойынша взводтың іс-әрекеттері көрсетілді, таулы жерлерде жауынгерлік машиналар мен автомобильдерді жүргізуді ұйымдастыру әдістемесімен таныстырылды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар өткелдер мен шатқалдардағы мина-жарылғыш бөгеттердің құрылу принциптерін, таулы жерлердегі іс-қимыл кезіндегі қауіпсіздік шараларының талаптарын, таулардағы атыс және тактикалық даярлықты ұйымдастыру әдістемесін зерттеді.
Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында командирлер таулы жерлерде байланысты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырылды. Сабақтың тақырыбы радиостанциялардағы жұмысты ұйымдастыру тәртібі, «Жедел қолбасшылық – бригада», «Бригада – батальон» буынында радио-жаттығу өткізу болды.
Оқу-әдістемелік жиын таулы жерлерде тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін зерделеумен және егжей-тегжейлі талқылаумен жалғасты. Психологиялық көмек және оңалту бекетінде әскери психологтар жауынгерлік іс-қимылдар жағдайында моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстарды көрсетті.

Жомарт Тажиханов
Дина Мухаринова
ҚР ҚМ МО Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.