ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ АТАНДЫ

0

Өткен жылдың соңында Таразда облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсінбаевтың және облыстық мәслихаттың хатшысы М.Сарыбековтың қатысуымен облыстық ардагерлер кеңесінің пленумы болды. Пленумды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер талқыға түспес бұрын облыстың бір топ ардагерлеріне «Жамбыл облысының Құрметті ардагері» атағы берілді. Олардың қатарында біздің ауданымыздан ардагер ұстаз Тілеужан Молдабекұлы Түстікбаев бар. Марапатыңыз құтты болсын, қадірменді ақсақал!
Аудандық ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.