Лудоманияның алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Қарасу ауылдық округінде жастар арасында лудоманияның, яғни құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Ойынға тәуелді болма!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жастарға құмар ойындардың адам өміріне, психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және қаржылық жағдайына кері әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар ойынға тәуелділіктің алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.