ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

0

Республикалық референдумға қатысушыларды оқыту жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жоспарының шеңберінде Орталық референдум комиссиясы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін онлайн режимде оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараға облыстық мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімі жанындағы кеңесшісі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармаларының басшылары, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, референдум учаскелеріне кедергісіз кіруі және оның дауыс беруі үшін жағдайлар жасау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Бұл топтағы азаматтардың берген ұсыныстары талқыланды.
Семинар соңында Орталық референдум комиссиясының өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Жамбыл облыстық референдум комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.