ОРМАН-ДАЛАНЫ ӨРТТЕН САҚТАЙЫҚ!

0

Еліміздің аймақтарында орман-дала өрттері жиі көрініс беріп тұрғаны шындық. Өрттің пайда болатын себептерінің 95 пайызын құрайтын жәйттар бұл антропогендік, яғни адамдар әрекетінен пайда болатын фактор.Өрттердің басым бөлігі орман ішінен немесе шет аумағынан тарайды.

Атап айтсақ жазық даладан, жол шетінен, өзен жағалауларынан. Орман-дала өрттері орман алқаптары ағаштарын жойып қана қоймай, ауыл аймақтарына да зор қауіп төндіреді. Жылдың көктем және жаз-күз мезгілдерінде орман-тоғай ішінде демалушы адамдар көп болады.Солардың көпшілігі өрт қауіпсіздік ережесін біле бермейді, білген күнде аталмыш ережелерді сақтай бермейді. Көбінесе адамның қоршаған ортаға зейінсіздік нәтижесінде, байқаусызда сіріңке немесе шылымды өшіріп тастауды ұмытып далада жанған отты тиісінше сөндіруге ерінетіндігі де өрт оқиғаларына әкеп соғады.Әрине бұның бәрі орман-дала ережесін білмегендіктің салдары.
Отты көз аясында ұстаңыздар. Дайындап қойған отын қорын жанып тұрған оттан бірнеше метр алшақ ұстаңыздар. Өте жоғары от жағудың керегі жоқ.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізге немесе қоршаған ортаңызға қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «101,112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар!

Қ.ДҮЙСЕН, Қордай ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.