Орташа өнім – 300 центнер

0

Ауданда пияз жинау науқаны аяқталуда. 3353 гектар алқаптан барлығы 100590 тонна пияз жиналып, орташа өнімділік гектарынан 300 центнерді құрады

Атылмыш дақылды жинауда Сортөбе ауылдық округі көш бастап тұр. Онда пияз 323 гектар аумаққа егіліп, одан 96 900 тонна өнім жиналып, орташа өнімділік әр гектарынан 300 центнер болған.
Пияздың «Манас» және «Дальтон» сұрыптарын өсіруді жақсы жолға қойған шаруалар көкөністің осы түрі жақсы сақталатынын және сапасының өте тамаша болатынын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.